10 сәуір 2019 10:08

Үндістанда Далай-лама ауруханаға түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

REUTERS/Clodagh Kilcoyne© REUTERS/Clodagh Kilcoyne©

Тибеттік рухани көсем Далай-лама XIV үндістандық Нью-Делидегі ауруханаға түсті, оның кеуде қуысы органдарынан инфекция табылған, - деп хабарлайды Reuters


Тибеттік рухани көсем Далай-лама XIV үндістандық Нью-Делидегі ауруханаға түсті, оның кеуде қуысы органдарынан инфекция табылған, - деп хабарлайды Reuters

Рухани көсемнің хатшысы Тензин Талханың мәлімдеуінше, 10 сәуірде таңғы уақытта Далай-лама өзін жайсыз сезініп, кейін тексерілу үшін Нью-Делиге барған. 

"Дәрігерлер кеуде қуысы органдарынан инфекция тапты, қазір ем алып жатыр", - деді ол. 

Қазіргі уақытта рухани көсемнің жағдайы тұрақты. Ауруханада тағы бірнеше күн жатады.

Далай-лама 1959 ҚХР билігіне қарсы қарулы қақтығыс сәтсіз аяқталған соң Тибеттен қашып кеткен болатын. Ол өз жақтастарымен бірге Үндістандағы Дхармсала қаласында тұрып жатыр, мұнда "қуғындағы тибеттік билік" құрылған еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети