22 шілде 2021 | 12:48

Үндістанда "қара зеңнен" 4 мыңға жуық адам қайтыс болды

©Reuters

Үндістанда 4300-ге жуық адам "қара зеңнен" қайтыс болды, - деп хабарлайды United News of India.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Үндістанда 4300-ге жуық адам "қара зеңнен" қайтыс болды, - деп хабарлайды United News of India.

Үндістанның денсаулық сақтау министрі Мансух Мандавия елде мукормикоз деп аталатын қауіпті инфекцияның 45 374 жағдайы тіркелгенін айтты. Ең көп зардап шеккен екі мемлекет: Махараштра және Гуджарат. Онда мукормикоздан 1785 адам қайтыс болды.

Басылым мәліметінше, науқастар негізінен COVID-19-дан жазылғаннан кейін 12-18 күн өткен соң "қара зең" жұқтырады. Ауру мұрынға, көзге және тіпті миға әсер етеді. Дәрігерлердің сөзінше, саңырауқұлақтардың көбеюі коронавирусты стероидтармен емдегеннен кейін иммунитеттің төмендеуімен байланысты. Олардың айтуынша, көптеген науқас ауруханаға түскенге дейін аурудан қайтыс болған.

Реклама
Реклама

"Әдетте мукормикоздан болатын өлім инфекциядан бірнеше апта немесе ай өткен соң пайда болады. Шын мәнінде, Үндістанда мукормикоз жағдайлары ресми статистикаға қарағанда әлдеқайда көп. Мәселе жағдайлар саны аз болғанында, себебі шағын ауруханалар мен ауылдық жерлерде диагноз қою қиын", - деді Бангалор қаласынан келген дәрігер Рагхураж Хегде.

"Мұрын мен таңдайдағы шірік". Ковидтен кейін шығып жатқан "қара зең" қандай ауру?

Мемлекеттік медицина қызметкерлерінің айтуынша, бұл ауруға қарсы тиімді жалғыз дәрі - антифункционалды инъекция.

Мукормикоз немесе "қара зең" - бұл саңырауқұлақ инфекциясынан туындаған асқыну. Ауру қоршаған ортадағы саңырауқұлақ спораларымен байланыста болған адамдарда немесе саңырауқұлақтар теріге кесу, тырнау немесе күйік арқылы енгеннен кейін пайда болуы мүмкін. Ауру диабетпен ауыратын адамдарға, сондай-ақ коронавирус жұқтырып, аурудан айыққаннан кейін иммунитеті төмендейтіндер үшін қауіпті. Аурудан болған өлім жағдайы бірқатар елде тіркелді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная