26 сәуір 2021 | 09:39

Үндістанда коронавирус өршіді. Күніне мыңдаған өлім тіркеліп жатыр

Фото: @REUTERS

Үндістанда коронавирус инфекциясының күнделікті өсімі төртінші күн қатарынан рекорд жаңартты. Өткен тәулікте елде 349,6 мың жағдай тіркелген. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Gazeta.ru.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Үндістанда коронавирус инфекциясының күнделікті өсімі төртінші күн қатарынан рекорд жаңартты. Өткен тәулікте елде 349,6 мың жағдай тіркелген. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Gazeta.ru.

Үндістан премьер-министрі Нарендра Модидің айтуынша, елде "коронавирус өршіген". Коронавирус инфекциясын жұқтырған деректердің күрт өсуіне байланысты ол барлық адамды сақ болуға және вакцинациядан өтуге шақырды.

Reuters агенттігі мәліметі бойынша, Нью-Делиде әр төрт минут сайын бір адам COVID-19-дан қайтыс болады. Жалпы елде күн сайын коронавирус инфекциясынан 2 мыңға жуық өлім тіркеліп жатыр.

Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта Үндістан инфекция жұқтырғандар саны бойынша АҚШ-тан кейін екінші орында тұр.

22 сәуірде соңғы тәулікте елде коронавирус инфекциясының 314 835 жағдайы тіркелгені хабарланған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная