11 мамыр 2021 09:08

Үндістанда өзеннен отызға жуық COVID-19 құрбаны табылды

Фото: ©РИА Новости

Үндістанда Буксар қаласындағы Ганг өзенінен отызға жуық мәйіт табылды. Аймақ әкімшілігі мәйіттер көрші штаттан келуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды РИА Новости

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үндістанда Буксар қаласындағы Ганг өзенінен отызға жуық мәйіт табылды. Аймақ әкімшілігі мәйіттер көрші штаттан келуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды РИА Новости

Алайда жергілікті тұрғындар Times of India басылымының тілшілеріне жағалау маңындағы елді мекендерде адамдар кремация мен жерлеу отыны қымбат болғанына байланысты мәйіттерді өзенге тастайтынын айтқан.

Кейін өзенде коронавирус жұқтырған адамдардың мәйіті табылғаны хабарланған. Куәгерлер мәйіт саны жүзден асуы мүмкін деп мәлімдеді. Оқиғаға байланысты дүрбелең пайда болған. Олар инфекцияның таралуынан қорқады.

Реклама
Реклама

Билік өкілдері суды мәйіттен тазартуды бастаған. Кремация рәсімге сәйкес жүргізіледі, ал шығындарды штат басшылығы көтереді.

Айта кетейік, Үндістан коронавирус жұқтыру жағдайлары бойынша әлемде екінші орында тұр. Елдегі COVID-19 жағдайларының жалпы саны 22,2 миллионнан асқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram