ПОДЕЛИТЬСЯ
19 шілде 2022 | 09:22
Үндістанда полицейлер отырған автобус өзенге құлап кеткен: қаза болғандар бар
Үндістанда полицейлер отырған автобус өзенге құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Indian Express басылымына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Үндістанда полицейлер отырған автобус өзенге құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Indian Express басылымына сілтеме жасап.
Үндістанда Махараштра штаты мемлекеттік жол-көлік корпорациясының автобусы өзенге құлап кеткен. Оқиға кезінде көлікте 30 адам болған, оның 13-і қаза болған, - деп хабарлайды Indian Express.
Шамамен 15 жолаушы құтқарылған. Іздеу шаралары әлі де жалғасып жатыр. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.
Газет мәліметінше, қайтыс болғандардың туыстарына 1,2 миллион үнді рупиясы (15 мың доллар) төленеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также