Үндістанда ұшақ апатқа ұшырады: жолаушылар тізімінде қазақстандықтар жоқ

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: әлеуметтік желілерден

Үндістанда Air India әуекомпаниясы жолаушылар туралы мәліметтерді жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үндістанда Air India әуекомпаниясы жолаушылар туралы мәліметтерді жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Air India әуекомпаниясы Ахмадабадтан Лондонның Гэтвик әуежайына бағыт алған AI171 рейсі әуеге көтерілгеннен кейін апатқа ұшырағанын растады.

"Ахмадабад қаласынан сағат 13:38-де ұшып шыққан рейс Boeing 787-8 ұшағымен 242 жолаушы мен экипаж мүшесін тасымалдап бара жатқан. Олардың ішінде 169 адам - Үндістан азаматтары, 53 адам - Ұлыбритания, 1 адам - Канада, 7 адам - Португалия азаматтары", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Осы арада жергілікті БАҚ мәліметінше, ұшақ апаты салдарынан кем дегенде 110 адам қаза тапқан.

Еске салайық, 12 маусымда Air India әуекомпаниясының Ахмадабадтан Лондонға бағыт алған Boeing 787 Dreamliner ұшағы әуеге көтерілгеннен кейін көп ұзамай апатқа ұшыраған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама