04 наурыз 2019 | 09:46

Үндістандағы дипломаттар қазақстандықтарға елге оралуға көмектесіп жатыр

Дина Муратова Редактор
© Фото: Facebook/Embassy of Kazakhstan in India

Қазақстанның Делидегі елшілігінің өкілдері жерлестерімізге көмектесіп жатыр. Олар Үндістан мен Пәкістан арасындағы әскери және саяси қақтығыстың әсерінен елге қайтып ұшып келе алмады. Бұл жайлы ведомствоның сайтынды жарияланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның Делидегі елшілігінің өкілдері жерлестерімізге көмектесіп жатыр. Олар Үндістан мен Пәкістан арасындағы әскери және саяси қақтығыстың әсерінен елге қайтып ұшып келе алмады. Бұл жайлы ведомствоның сайтынды жарияланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық дипломаттардың айтуынша, 27 ақпанда Пәкістанның әуе кеңістігі жабылғаннан кейін ол "Эйр Астана" әуекомпаниясының қалыпты жұмысына әсерін тигізген. Сондықтан Қазақстанның 65 азаматы қайтадан еліне оралмай қалған.

Реклама
Реклама

"Үндістандағы Қазақстанның елшілік өкілдерінің және әуекомпанияның қызметкерлерінің көмегімен жолаушылардың билеттері кейінгі уақытқа ауыстырылды. Біздің 44 азаматымыз елшілікке жеткізілді. Олар туыстарымен хабарласу үшін байланыс қызметімен, тамақпен және жататын орынмен қамтамасыз етілді", - делінген ведомствоның сайтында. 

Елшілік өкілдері қазақстандықтар бұл жағдайда өздерін байсалды ұстағанын айтты.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная