09 желтоқсан 2017 12:07

Үндістандық әйел "су перісін" дүниеге әкелді

Иллюстрациялық сурет. © Vesti-ua.net

Үндістанда әйел адам су перісі синдромы бар, аяқтары бітісіп кеткен баланы дүниеге әкелді. Нәрестенің суреттерін Daily Mail басылымы жариялап отыр. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үндістанда әйел адам су перісі синдромы бар, аяқтары бітісіп кеткен баланы дүниеге әкелді. Нәрестенің суреттерін Daily Mail басылымы жариялап отыр. 

23 жастағы әйел жүктілік кезінде тексерістен өтуге мүмкіндігі болмаған. Сиреномелия аталып кеткен аномалия немесе су перісінің синдромы тек перзентханада анықталған. Нәресте төрт сағаттан кейін шетінеп кетті. 

Реклама
Реклама

Дәрігер Судип Саханың сөзінше, әйел мен күйеуінің қарапайым шаруа болғандықтан медициналық қызметке ақшасы болмаған. Ал анасының дұрыс тамақтанбауы мен қан айналымының нашарлығы синдромға себеп болуы мүкін. 

Су перісі синдромы бар нәрестелер 100 мың баланың бірінде ғана кездеседі және ондай ауытқумен туғандар бірден шетінеп кетеді екен. Алайда АҚШ-та дүниеге келген Шайло Пепин атты қыз он жыл өмір сүріп, 2009 жылы көз жұмған. Оның жыныс мүшесі мен шегінің жартысы болмаған. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram