Үндістандық миллиардер әлемдегі ең бай адамдар рейтингінде Билл Гейтсті басып озды

Дина Шарипханова Корреспондент
twitter.com/gautam_adani

Үндістандық миллиардер Гаутам Адани Билл Гейтсті басып озып, әлемдегі ең бай төртінші адам болды. Бұған Bloomberg агенттігі есептеген Bloomberg Billionaires Index (BBI) мәліметтері дәлел, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Индекске сәйкес, Гаутам Аданидің байлығы 113 миллиард долларға бағаланады, бұл Microsoft негізін қалаушының байлығынан бір миллиард долларға асып түседі. Осылайша, миллиардер әлемдегі ең бай төртінші адам болды.

60 жастағы үнді көмір магнаты қазір миллиардерлер Джефф Безос, Бернард Арно және 253 миллиард доллар байлығымен әлемдегі ең бай адам ретінде тізімнің басында тұрған Илон Масктан кейін тұр.

Реклама
Реклама

Бұған дейін миллиардер және кәсіпкер Гаутам Адани Азияның ең бай адамы атанған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама