ПОДЕЛИТЬСЯ
24 ақпан 2019 | 11:53
Уоррен Баффетт бір күнде 4 миллиард доллардан айырылды
Америкалық миллиардер Уоррен Баффетке тиесілі Berkshire Hathaway инвестициялық компания бір күнде 4,3 миллиард доллардан айырылды, - деп хабарлайды CNBC арнасы.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Америкалық миллиардер Уоррен Баффетке тиесілі Berkshire Hathaway инвестициялық компания бір күнде 4,3 миллиард доллардан айырылды, - деп хабарлайды CNBC арнасы.
Kraft Heinz тамақ өнімдері мен сусындарды өндіруші компанияның әлсіз қаржылық көрсеткіштері туралы хабарлама жариялаған соң және АҚШ бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясы (SEC) компанияның сатып алуларына тексеру жүргізу туралы шешім қабылдағаннан кейін миллиардердің қаражаты біршама қысқарды.
21 ақпанда биржалық сауда барысында Kraft Heinz акциялары шамамен 20 пайызға құлдырады. Бұл бағалы қағаздардың 325 миллионына Berkshire Hathaway иелік етеді.
Kraft Heinz компаниясы 2015 жылдың көктемінде Kraft Foods Group-пен H. J. Heinz қосылған кезде құрылған. Қазіргі уақытта бұл әлемдегі азық-түлік пен сусындарды өндіруші компаниялар рейтингінде бесінші орында тұр.
2018 жылдың қазан айында Уоррен Баффетт жағдайы 88,3 миллиард долларға бағаланған еді.
Показать комментарии
Читайте также