03 ақпан 2022 | 14:45

Ұрланған көне Рим мүсіні Францияға қайтарылды

Фото:twitter.com/brand_arthur

Голландиялық суретші 50 жылдан кейін Францияның сирек кездесетін маңызды қазыналарының бірі - көне Рим мүсінін қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі WION-ға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Голландиялық суретші 50 жылдан кейін Францияның сирек кездесетін маңызды қазыналарының бірі - көне Рим мүсінін қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі WION-ға сілтеме жасап.

Жоғалған өнер туындыларын іздеуде танымал тұлғаға айналған голландиялық тергеуші Артур Бранд Францияға жарты ғасыр бұрын ұрланған ежелгі римдік қола мүсінді қайтарды. Ол клиенттерінің бірі жақында сатып алған кішкентай Бахустың провенансын білуді сұрағанда, осы істе бір шикілік барын байқаған.

Реклама
Реклама

"Мен қола мүсіннің еш жерде тіркелмегенін білдім. Содан кейін 1927 жылғы суреттері бар ескі каталогты таптым. Мүсін 1894 жылы Франциядағы археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылып, содан кейін мұражайға тапсырылғаны көрсетілген. Егер де оның мұражайдағы орны болса, ол қалайша менің көз алдымда тұр деп ойладым", - деді Артур Бранд.

40 сантиметрлік Бахус 1973 жылдың соңында Шатиллон коммунасының мұражайынан ұрланған, қылмыскерлер оны терезеден алып кеткен. Енді бұл мүсін экспозициядағы орнына оралады.

Қола Бахусты қайтару шығындарын екі ұлыбританиялық жеке коллекционер мен Шатиллон қалалық әкімшілігі бөліскен. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная