Ұшақ ішінде төбелескендердің видеосы пайда болды

Видео скриншоты

All Nippon Airways (ANA) ?уекомпаниясыны? NH6 рейсі кезінде Жапониядан Лос-Анджелеске бет ал?ан ?ша?ты? бортында екі жолаушы т?белесті. Видео YouTube желісіндегі current events 24/7 арнасында жарияланды. 

All Nippon Airways (ANA) әуекомпаниясының NH6 рейсі кезінде Жапониядан Лос-Анджелеске бет алған ұшақтың бортында екі жолаушы төбелесті. Видео YouTube желісіндегі current events 24/7 арнасында жарияланды. 

CNN мәліметінше, видеоны Кори Ауэр (Corey Hour) есімді ер адам түсірген. Оның айтуынша, бір мезетте қызыл жейде киген ер адам орнынан тұрып, артында отырған адамды балғаттап ұра бастаған. Осыдан кейін төбелес шыққан. 

Ауэрдің айтуынша, артында отырған адам қызыл жейдедегі азаматтың жанжалды бастайтындай ештеңе істемеген. Куәгер ANA қызметкерлері төбелесті тоқтату үшін қолдан келгеннің барлығын жасағанын айтады. Осыдан кейін Ауэр видеоға түсіруін тоқтатып, төбелесушілерді ажыратқан. 

Реклама
Реклама

Төбелесті бастаған ер адам ұшақтан әуе компаниясының екі қызметкерімен бірге сыртқа шығарылғаны айтылады. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама