Ұшақта анасымен араб тілінде сөйлескен америкалықтың басы дауға қалды

© twitter.com

Delta Airlines ?уекомпаниясыны? Лондон - Нью-Йорк ба?ытымен ?шып бара жат?ан танымал америкалы? пранкер ?рі видеоблогер Адам Салех (YouTube хостингінде екі миллионнан аса жазылушысы бар) рейстен шы?арылды. Себебі жолаушы ?ша?та телефонымен араб тілінде с?йлескен. Адам Салех б?л о?и?аны? видеосын Twitter желісіндегі пара?шасында жариялады.

Delta Airlines әуекомпаниясының Лондон - Нью-Йорк бағытымен ұшып бара жатқан танымал америкалық пранкер әрі видеоблогер Адам Салех (YouTube хостингінде екі миллионнан аса жазылушысы бар) рейстен шығарылды. Себебі жолаушы ұшақта телефонымен араб тілінде сөйлескен. Адам Салех бұл оқиғаның видеосын Twitter желісіндегі парақшасында жариялады.

"Біз тек басқа тілде сөйлесіп жатқан болатынбыз, енді бізді сол үшін қуып жатыр. Көп рақмет. Мен өз көзіме өзім сенер емеспін. Мен тек басқа тілде сөйлестім, бұл біреуге кедергі келтірді ме?", - дейді видеода ашынған жігіт. Айта кетейік, Интернетте жарияланған роликті бірнеше сағаттың өзінде 700 мың адам бөлісіп, көптеген пікір жазылған.

Реклама
Реклама

Адам Салех CBS телеарнасына берген сұхбатында ұшақта отырғанда анасына хабарласқанын және анасы тек араб тілінде сөйлейтін болғандықтан, сол тілде сөйлескенін айтады. "Мен ұшудың алдында әрдайым анама хабарласамын", - деді ер адам.

Ал әуекомпанияның өкілдері Салехтің сол кездегі арандатушылық әрекеттерімен қоса, ұшақта айқайлап отырғанын айтады. Сол себеппен әуекомпанияның қызметкерлері оны ұшақтан шығарып жіберген болып шықты. "Жолаушыларымыз мен қызметкерлеріміздің қауіпсіздігі біз үшін өте маңызды. Бұл адамдардың біздің ережелерімізді бұзғысы келгені анық", - деді Delta Airlines компаниясының өкілдері.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама