ПОДЕЛИТЬСЯ
18 қаңтар 2021 | 10:04
Үш әлемдік компания Беларусьте хоккейден өтетін әлем чемпионатына демеушілік жасаудан бас тартты
Skoda автомобиль өндірушісі, NIVEA косметикалық бренді және автомобиль майларын өндіруші Liqui Moly хоккейден әлем чемпионаты Беларусьте өтетін болса, оған демеушілік жасаудан бас тартты, - деп хабарлайды TUT.by.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Skoda автомобиль өндірушісі, NIVEA косметикалық бренді және автомобиль майларын өндіруші Liqui Moly хоккейден әлем чемпионаты Беларусьте өтетін болса, оған демеушілік жасаудан бас тартты, - деп хабарлайды TUT.by.
"Беларусьтегі қазіргі жағдай, сондай-ақ үкіметтің саясаты, демонстранттармен қарым-қатынас және Беларусьтегі адам құқықтарының бұзылуы Liqui Moly-дің сенімі мен құндылықтарына қайшы келеді. Осы себепті егер IIHF комитеті Беларусьте жарыстар өткізу туралы шешім қабылдаса, компания шайбалы хоккейден әлем чемпионатына демеушілік көрсетуден бас тартады", - деді неміс компаниясының өкілдері.
"Біз 28 жыл бойы IIHF әлем чемпионаттарының серіктесі болғанымызды мақтан тұтамыз. Бірақ біз адам құқықтарын құрметтейміз және қолдаймыз. Сондықтан Skoda жарыс Беларусьте өтетіні расталса, 2021 жылғы шайбалы хоккейден әлем чемпионатына демеушіліктен бас тартады", - делінген автоөндірушінің хабарламасында.
Nivea компаниясының өкілдері де осындай мәлімдеме жасады.
2017 жылы қабылданған халықаралық хоккей федерациясының (IIHF) шешімі бойынша 2021 жылғы әлем чемпионаты Минск пен Ригада 21 мамырдан 6 маусымға дейін өтуі керек. Алайда Беларусьтері саяси жағдайға және Беларусьтің Денсаулық сақтау министрлігінің COVID-19 туралы жалған статистика бергеніне күдіктенуіне байланысты Еуропаның бірқатар елі Беларусьте жарыс өткізуге қарсы шықты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также