1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Үш рет вакцина алған Швеция королі мен патшайымы коронавирус жұқтырды

Швеция королі Карл XVI Густав пен патшайым Сильвия коронавирус жұқтырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме

Фото: РИА Новости

Швеция королі Карл XVI Густав пен патшайым Сильвия коронавирус жұқтырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап. 

Патша мен патшайым COVID-19-ға қарсы вакцина салдырғаны және ревакцинация да жасағаны хабарланды. 

"Швеция королі мен жұбайының сынақтары, патша үйінің мәліметінше, COVID-19-ға оң нәтиже көрсетті. Ауру белгілері жеңіл, олар өздерін жақсы сезінеді", - делінген хабарламада.

Швеция королі 75 жаста, әйелі 78-де.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!