ПОДЕЛИТЬСЯ
15 наурыз 2017 | 15:47
Ұшақ жолаушысы құлаққаптан күйіп қалды
Бейжің - Мельбурн рейсімен келген жолаушы құлаққаптың жарылғанынан оянып кеткен, - деп хабарлайды Австралияның көлік қауіпсіздігі бюросындағылар. Оқиға ұшақ ұшқан соң - 2 сағаттан кейін болған.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бейжің - Мельбурн рейсімен келген жолаушы құлаққаптың жарылғанынан оянып кеткен, - деп хабарлайды Австралияның көлік қауіпсіздігі бюросындағылар. Оқиға ұшақ ұшқан соң - 2 сағаттан кейін болған.
Жолаушының айтуынша, ол қатты дауысты естіп, бетінің күйіп қалғанын сезген. "Бірден бетімді ұстай бастадым, сол үшін құлаққап мойныма қарай түсіп кетті. Мойным да күйіп қалды, содан мен оны еденге лақтырып жібердім. Құлаққап жарылып, майыса бастады", - дейді жолаушы. Әйелдің айтуынша, ол өртті аяғымен сөндірмек болған. Сол сәтте экипаж мүшелері келіп, өртті сумен тоқтатқан. Ал құлаққаптың қалғанын шелекке лақтырып жіберген. Батарея болса еріп кетіп, ұшақтағы еденге жабысып қалған.
Басқа жолаушылар жайлы айтатын болсақ, олар төтенше жағдайдан кейін жөтеле бастаған. Осыған байланысты Аустралияның көлік қауіпсіздігі бюросындағылар батареялардың арнайы жерде сақталуы керек екенін еске салды.
Сонымен қатар, бюро өкілдері смартфон орындықтар арасында құлап кеткен жағдайда алдымен телеофонның қай жақта жатқанын біліп, содан кейін ғана орындықтарды жылжыту керек екенін еске салды.
Показать комментарии
Читайте также