ПОДЕЛИТЬСЯ
11 мамыр 2022 | 08:53
Үшінші дүниежүзілік соғысқа тап болғымыз келмейді - АҚШ
Ұлттық барлау директоры Аврил Хейнс АҚШ Украинаны қолдау арқылы мәселені Үшінші дүниежүзілік соғысқа жеткізгісі келмейтінін айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ұлттық барлау директоры Аврил Хейнс АҚШ Украинаны қолдау арқылы мәселені Үшінші дүниежүзілік соғысқа жеткізгісі келмейтінін айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.
Хейнс, барлау мәліметтері бойынша, Ресей ядролық қаруды "экзистенциал қауіп" жағдайынан тыс қолдануға бармайтынын, бірақ Украинадағы қақтығыста жеңілу мен оған НАТО-ның қатысуын қарастыруы мүмкін екенін қайталады.
"Біз Украинаны қолдаймыз, бірақ Үшінші дүниежүзілік соғыс жағдайына тап болғымыз келмейді", - деді ол конгрестегі тыңдауда.
Әскери барлау директоры Скотт Беррье АҚШ "дәл қазір" Ресей Украинада тактикалық ядролық қаруды қолданғысы келмейтінін айтты.
"Біз бұл мәселеге қатты көңіл бөлеміз", - деді ол.
Бұған дейін Литваның бұрынғы президенті Даля Грибаускайте қазір Үшінші дүниежүзілік соғыс жүріп жатқанын айтқан болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также