"Ушығуы мүмкін". Столтенберг пен Макрон Украинадағы жағдайға болжам жасады

© Reuters

НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг Украинадағы қақтығыстар одан әрі ушығады деген болжам жасады. Бұл туралы ол Солтүстік Атлантикалық кеңестің төтенше отырысынан кейін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Европейская правда" порталына сілтеме жасап. 

Столтенберг Ресейдің Украинадағы соғысы соңғы ондаған жылдағы Еуропадағы ең жаман әскери агрессия екенін айтты.

"Алдағы күндері одан да ушығуы мүмкін. Өлім, азап және жойылу көп болады. Ресей авиациясы барған сайын ұлкен қару қолданып, бүкіл ел бойынша шабуылдарын жалғастырып жатыр", - деді ол.

"Біз Путинді соғысты дереу тоқтатуға және Украинадан барлық әскерді шарт жасамай шығаруға шақырамыз", - деді НАТО бас хатшысы. Ол Ресей басшысына келіссөздерге көшуге шақырды.

Реклама
Реклама

Бейсенбіде, 3 наурызда Франция президенті Эммануэль Макарон Путинмен телефон арқылы сөйлескеннен кейін ол жағдайға "пессимистік" баға берді. 

Оның сөзінше, Путин, Украина Ресейдің шарттарын қабылдамаса, шабуылды жалғастыруға ниетті. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная