ПОДЕЛИТЬСЯ
06 наурыз 2020 | 17:03
Үй жануарларынан коронавирус жұғуы мүмкін бе?
Мамандар үй жануарлары коронавирус жұқтыруы мүмкін екенін айтады. Бірақ олар қауіпті дертті адамдарға таратпайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Medical Xpress порталына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мамандар үй жануарлары коронавирус жұқтыруы мүмкін екенін айтады. Бірақ олар қауіпті дертті адамдарға таратпайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Medical Xpress порталына сілтеме жасап.
Мұндай қорытындыны Гонконг ауыл және балық шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мамандары жасаған. Олар Гонконгте иесінен коронавирус жұқтырған итке зерттеу жүргізіпті.
Алдымен ғалымдар итті бөлек жерде ұстаған. Кейін оған қауіпті дертті жұқтырмаған сау итті жіберіпті. Осылайша, мамандар оларды бақылап, талдау жұмысын жүргізген.
Қазіргі таңда екінші итке коронавирус жұқпаған. Зерттеу жұмысының аяқталмағанына қарамастан министрлік "үй жануалары өз иелеріне коронавирус жұқтырмайды" деген қорытынды жасапты.
"Зерттеудің қорытындысына сәйкес, үй жануарларынан бас тартуға негіз жоқ. Маңыздысы - жеке бастың тазалығын мұқият сақтаған жөн", - дейді Гонконг ауыл шаруашылығы министрлігінің мамандары.
Айта кетейік, осыған дейін қытайлық мамандар коронавирусты жарқанаттар таратуы мүмкін екенін айтқан. Алайда соңғы зерттеу жұмысының қорытындысына сәйкес, қауіпті дерт панголин кесірткесінен жұғуы мүмкін.
Сондай-ақ, Польшаның денсаулық сақтау министрі Лукаш Шумовский коронавирус мысықтардан жұғуы мүмкін деп жорамал жасаған.
Показать комментарии
Читайте также