14 наурыз 2022 09:36

"Үйіңізді тартып алған кез болды ма?" Украин тележүргізуші ресейліктерге үндеу жасады

Дина Шарипханова Корреспондент
© Антон Птушкин

Украин тележүргізуші әрі блогер Антон Птушкин 5,5 миллион оқырманы бар YouTube-арнасында ресейліктерге видеоүндеу жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украин тележүргізуші әрі блогер Антон Птушкин 5,5 миллион оқырманы бар YouTube-арнасында ресейліктерге видеоүндеу жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бейнеролик - 2014 жылдан бері қарулы қақтығыс жүріп жатқан Донбасстағы оқиғаларға деген көзқарас және соғыс туралы сұрақтарға жауап. Птушкин өзі туып-өскен Луганскіге деген көзқарасы туралы айтқан.

"Луганск - менің үйім. Оны 2014 жылы тартып алды. Сізден үйіңізді тартып алған кез болды ма? Мектепке барып, институтта оқыған, жұмыс істеген, мерекелік кештер өткізген, жақсы естеліктер қалған жер бірнеше аптада бөтендікі болып қалса, елестетіп көріңізші. Достарыңыз, таныстарыңыздың бәрі кетіп қалады. Оның орнына әскери көліктердегі адамдар келеді. Қазір Луганск, Донбасс, оның тұрғындары туралы кез келген естелік жанымды ауыртады.

Достарым, таныстарым, көршілерім, туыстарым. Олардың кейбіреуі 2014 жылы Украинаға кеткен, ал кейбіреулері жағдайы болмағандықтан немесе қаламағандықтан сонда қалды.

Қазір бәріне жаман. Кеткендерге де, қалғандарға да. Сегіз жыл туралы не айтса да, бәріне жаным ашиды.

Бұл фашистер туралы сұрақ қоюға тура келетін уақыт шығар. Өздеріңіз білесіздер, мен Донбасстанмын, мен орыс тілінде сөйлеп, контент жасаймын және соңғы кезде Киев орталығында тұрамын. Осы жылдар бойы мен өзіме қарсы ашық агрессияны кездестірген емеспін. Киевте 10 жыл тұрған уақытымда неонацистерді Украина астанасынан гөрі, федерал арналардан көру әлдеқайда оңай екенін нақты айта алмын", - деді "Орел и Решка" бағдарламасының бұрынғы жүргізушісі.

Реклама
Реклама

Птушкин Украинаның шығысындағы орыс-украин соғысы туралы сегіз жыл бойы үнсіз қалмағанын, "талдау мен салыстыруды" үйренуі үшін ресейліктерді өз бетінше саяхаттап, әлемді көрсетуге шақырғанын түсіндірді, сондай-ақ басқа аумақтарды басып алмай, өз елінің экономикасын құруды үйренуі керегін айтты.

"Тележүргізушілер не айтса да, бұл соғыс сізді қорқыту үшін. Бұл соғыс сіз үшін. Салыстыруға болатын ештеңе жоқ. Ресейдің бүтін бір ұрпағы енді Ресейден шықпауы мүмкін. Ресейліктердің тұтас бір ұрпағы "соғыс" таңбасымен өседі", - деді видео авторы.

Видео қысқа уақыт ішінде үш миллионнан астам қаралым мен 84 мыңнан астам пікір жинаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram