03 наурыз 2022 | 15:10

Ваагн Хачатурян Армения президенті болып сайланды

Армения парламенті жоғары технологиялық өнеркәсіп министрі Ваагн Хачатурянды президент етіп сайлады. Бұл туралы заң шығарушы органның есеп комиссиясының басшысы Нарек Бабаян мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ваагн Хачатурян президенттікке жалғыз үміткер болған. Хачатурянның кандидатурасын билеуші "Гражданский договор" партиясы ұсынды. Бірінші турда оған тек 69 депутат дауыс берді.

"Армения" және "Честь имею" оппозициялық фракциялары сайлауға бойкот жариялады.

Реклама
Реклама

Арменияның экс-президенті Армен Саркисян 23 қаңтарда отставкаға кететінін мәлімдеген болатын. Негізгі себеп ретінде ол мемлекет басшысына сыртқы және ішкі саясаттың түбегейлі процестеріне әсер етуге мүмкіндік бермейтін тиісті өкілеттіктердің жоғын атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram