Вашингтонда Трамп қатысқан қабылдауда атыс болды: бір адам ұсталды

Вашингтонда Трамп қатысқан қабылдауда атыс болды: бір адам ұсталды Фото: x.com/whitehouse

АҚШ президенті Дональд Трамптың қатысуымен өткен қабылдау кезінде атыс болып, бір адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

АҚШ президенті Дональд Трамптың қатысуымен өткен қабылдау кезінде атыс болып, бір адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Құпия қызметтің коммуникациялар жөніндегі директоры Энтони Гульельми X әлеуметтік желісінде мәлімдеді.

"АҚШ Құпия қызметі Колумбия округінің полиция басқармасымен бірлесіп, Ақ үй тілшілер қауымдастығының кешкі асында металл іздегіштер орнатылған негізгі тексеру аймағының қасында болған атыс оқиғасын тергеп жатыр", - делінген мәлімдемеде.

Жарнама
Жарнама

Оның айтуынша, президент, бірінші ханым және күзетілетін барлық тұлға аман-есен.

Бір адам ұсталды. Зардап шеккендердің немесе оқиғаға қатысы барлардың жағдайы әзірге белгісіз, құқық қорғау органдары болған жайтты зерттеп жатыр.

Сонымен қатар, Америка көшбасшысы Truth Social әлеуметтік желісінде оқиғаның мән-жайын айтып берді.

"Вашингтонда ерекше кеш болды. Құпия қызмет пен құқық қорғау органдары керемет жұмыс атқарды. Олар жылдам әрі батыл әрекет етті. Атыс шығарған адам ұсталды, мен "Шоу жалғасуы керек" деп ұсыныс жасадым, дегенмен біз құқық қорғау органдарының шешіміне толық сүйенетін боламыз. Олар жақын арада шешім қабылдайды", - деп жазды ол.

Оның пікірінше, бұған қарамастан, кеш жоспарланғандай өтпейтіні анық және оны қайта өткізуге тура келеді.

"Құқық қорғау органдары хаттамаға сәйкес бұл жерден кетуімізді сұрады, біз мұны дереу орындаймыз. 30 минуттан кейін мен Ақ үйдің брифинг залында баспасөз мәслихатын өткіземін", - деп түсіндірді Трамп.

Президент бірінші ханымның, АҚШ вице-президентінің және министрлер кабинетінің барлық мүшесінің амандығын растады.

Еске сала кетейік, Трамп Washington Hilton қонақүйінде өткен Ақ үй тілшілер қауымдастығының кешкі асына АҚШ президенті ретінде алғаш рет қатысқан болатын. БАҚ-тың хабарлауынша, қауіпсіздікке байланысты оқиғадан кейін ол, бірінші ханым және әкімшіліктің басқа да жоғары лауазымды өкілдері залдан шұғыл түрде эвакуацияланған.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама