07 қаңтар 2021 | 10:03

Вашингтондағы тәртіпсіздік: оқиғаның мән-жайы

© Reuters

Вашингтон мэры Муриэл Баузер қаладағы тәртіпсіздікке байланысты коменданттық сағат жариялады, - деп хабарлайды РИА Новости

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Вашингтон мэры Муриэл Баузер қаладағы тәртіпсіздікке байланысты коменданттық сағат жариялады, - деп хабарлайды РИА Новости

Қалалық үкіметтің ресми сайтында жарияланған мәліметке сәйкес, коменданттық сағат сәрсенбі 18.00-ден бейсенбі 06.00-ге дейін жарияланған (астана уақыты бойынша 7 қаңтар сағат 05.00 мен 17.00 аралығы). 

Реклама
Реклама

АҚШ президенті Дональд Трамп тұрғындарды бейбіт әрекет етуге шақырды. 

"Өтініш, біздің астаналық полицейлер мен тәртіп сақшыларын қолдаңыздар. Олар расында біздің жағымызда. Бейбіт әрекет етіңіздер!", - деді Ақ үй басшысы Twitter желісіндегі парақшасында. 

Артынша Конгресс күзеті Трамптың жақтаушысының кеудесіне оқ атып жібергені белгілі болды. Әйел адамның кеудесіне оқ тиген. Жәбірленуші шұғыл түрде ауыр жағдайда Капитолийден эвакуацияланды. Жергілікті БАҚ мәліметінше, ол ауруханада қайтыс болған. 

Әйел адамға оқ атылған кез видеоға түсіп қалған. 

Көп ұзамай Трамптың негізгі қарсыласы Джо Байден мәлімдеме жасады. Ол бұл оқиға тәртіпсіздік емес, бүлік екенін айтты. 

"Мен Трампты қазір ұлттық теледидар арқылы шығып, антын орындауға, Конституцияны қорғауға және тәртіпсіздіктің аяқталуын талап етуге шақырамын", - деді Байден. 

Артынша астана уақыты бойынша шамамен таңғы 05.00-де Капитолий ғимаратынан Трамптың жақтастарының барлығы шыққаны белгілі болды. 

"Парламент приставы Капитолий ғимараты қауіпсіз екенін айтты. Ғимараттағылар қол шапалақтады", - деп жазды Huffington Post газетінің журналисі Мэтт Фуллер Twitter-де.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная