Вашингтонда жүргізуші президент кортежінің ізіне түскені үшін ұсталды

Вашингтонда жүргізуші президент кортежінің ізіне түскені үшін ұсталды © РИА Новости

Вашингтонда жүргізуші президент кортежінің ізіне түскені үшін ұсталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

АҚШ президенті Барак Обама мен оның жанұясының қауіпсіздігіне жауап беретін Құпия қызметтің қызметкерлері өз көлігімен президент кортежінің ізіне түскен ер адамды ұстады.

Президент кортежінің брондалған лимузиндерінің ізінен түскен 55 жастағы әуесқой автокөлік жүргізуші белгісіз себеппен олардың артынан еріп жүріп, АҚ үйдің күзетілген аймағына кіріп кеткен. Құпия қызметтің агенттері құқық бұзушының жолын бөгеп, президент резиденциясын қоршап алған. Осыдан кейін автокөлікке тінту жүргізген.

Реклама
Реклама

Жүргізуші ізіне түскен кортежде Барак Обаманың өзі болмағаны хабарланды. Лимузинде оның қыздары - Малия мен Саша болған. Олар мектептен қайтып келе жатқан. Тәртіп бұзушының көлігінен ешқандай қауіпті заттар табылмаған. Қазір ер адам қамауға алынды. Оған күзетілген аймаққа заңсыз кіріп кетті деген айып тағылып отыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама