Ватиканның қарсылығынан "Eurovision" музыкалық конкурсы Киевте өтпеуі мүмкін

Ватиканның қарсылығынан "Eurovision" музыкалық конкурсы Киевте өтпеуі мүмкін © Styler

Ватиканны? араласуымен "Eurovision" музыкалы? конкурсы Киевте ?тпеуі м?мкін. Б?л туралы украиналы? "Вести" басылымы хабарлап отыр.

Ватиканның араласуымен "Eurovision" музыкалық конкурсы Киевте өтпеуі мүмкін. Бұл туралы украиналық "Вести" басылымы хабарлап отыр.

Киев басшылығы конкурсты Украинаның грекокатоликалық шіркеуінің Патриарший Соборынан бірнеше қадам жерде өткізуді жоспарлап отыр. Собор маңындағы Халықаралық көрме орталығында құрылыс жұмыстары басталып та кетті. Дегенмен, шіркеу өкілдеріне құрылыстың жақындығы мен биіктігі ұнамай отыр. Ватиканға құрылыс жайы шіркеу басшысы Святослав Шевчук сөзінен белгілі болған. Жергілікті белсенділер құрылысқа қарсы қол жинап, Киев басшылығынан заңды сақтауды талап етіп отыр.

Қала әкімінің орынбасары Дмитрий Белоцерковецтің сөзінше, егер дау екі жақты келісіммен шешілмесе, "Eurovision" конкурсы Киевте өтпеуі мүмкін. "Құрылыс заңдылығы бойынша сот істері бірнеше жылға созылып кетуі мүмкін. Осы уақыт бойына үйлерді пайдалануға беруге де, оларды бұзуға да болмайды. Екі жаққа ортақ шешім табуға желтоқсанға дейін ғана уақыт бар. Бұның мүмкіндігі әлі белгісіз", - дейді Белоцерковец.

Жарнама
Жарнама

Еске салайық, Украина "Eurovision-2017" конкурсын өткізу құқын Жамала атты әншісінің осы сайыста жеңіуне байланысты алған.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама