Вена қонақүйінде тыр жалаңаш шешініп, шу шығарған қазақстандық ұсталды

Вена қонақүйінде тыр жалаңаш шешініп, шу шығарған қазақстандық ұсталды Вена мэриясы. © Reuters

Вена полициясы ?аза?станны? 33 жаста?ы азаматын ?она??йде мас к?йде шу шы?ар?аны ?шін ?стады. Б?л туралы Tengrinews.kz тілшісіне ?Р СІМ баспас?з ?ызметіні? жетекшісі ?нуар Жайна?ов хабарлады.

Вена полициясы Қазақстанның 33 жастағы азаматын қонақүйде мас күйде шу шығарғаны үшін ұстады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов хабарлады.

Жайнақовтың айтуынща, полиция дипломаттарға ұсталған адам туралы мәлімет бермеген. 

"Венадағы дипломаттар бұл оқиға жайлы жергілікті БАҚ-тардан білген. Осыдан кейін олар Вена қаласының полициясымен байланысқа шығып, Қазақстан азаматының қонақүйлердің бірінде мас күйде шу шығарғанын анықтаған. Алайда полиция қызметкерлері дипломаттарымызға оқиғаның мән-жайын және ұсталған адам туралы мәлімет айтудан бас тартты, себебі ұсталған адам өзі жайлы ешкімге де ешқандай мәлімет бермеуді сұрапты. Ұсталған адамның 33 жаста екенін ғана білеміз. Ол Венаға турист ретінде барған", - деді Жайнақов. 

Реклама
Реклама

"Жергілікті басылымдарда жарияланған мақалалардан оның мас күйде қонақүй бөлмесіне кіріп, ұрлық жасап, кейін ұсталғаннан кейін заттарды қайтарып бергені анықталды. Қазіргі уақытта ол полиция бөлімшесінде", - деді СІМ өкілі. 

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстанның адам құқықтары және заңдылықты сақтау бюросының қызметкері Андрей Гришин Facebook желісінде Венадағы қонақүй нөміріне мас ер адамның кіріп кетіп, ұрлық жасағанын хабарлаған еді. Қонақүй әкімшілігіне шағым жасалғаннан кейін "түнгі қонақ" ұсталған. "Сөйтсек, қонақүйде дәрігерлердің конференциясы өтіп жатыр екен. Олардың бірі (отандасымыз) кешкі асты жақсылап ішіп алып, құтыра бастады. Оның әріптестері нөміріне апарып, қамап тастады. Бірақ ол терезеден шығып кетті", - деп жазды Гришин. Айтуынша, шу шығарған ер адам елден шығарылуы мүмкін.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама