ПОДЕЛИТЬСЯ
03 қараша 2020 | 08:59
Венада қантөгіс: Терроршылар Австрия астанасына алты жерден шабуыл жасады
Венаның алты бөлігінде қаруланған бірнеше адам оқ атты, - деп хабарлайды РИА Новости.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Венаның алты бөлігінде қаруланған бірнеше адам оқ атты, - деп хабарлайды РИА Новости.
Оқиға 2 қараша кешке болды. Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де оқ атылды. Қаруланған белгісіз адамдар синагога, мейрамханалар және еврейлер орталығы орналасқан - халық шоғырланған ауданға шабуыл жасады.
Шабуыл салдарынан екі адам - ер адам және әйел қайтыс болды. 15 адам жарақат алды, оның жетеуінің жағдайы ауыр. Оның біреуі - полиция қызметкері.
"Мұндай қылмыстан кейін, ер адам өлтірілгеннен кейін әйел адам қайтыс болды. Яғни екі адам зардап шекті. Он бес адам ауруханаға жеткізілді. Жеті адам ауыр жағдайда жатыр. Олар тезірек жазылады деген үміттемін", - деді Вена бургомистрі Вены Михаэль Людвиг.
HAPPENING NOW - Terror alert in Vienna: Attack on a synagogue. Shots fired. Massive police operation underway. This is a developing story.pic.twitter.com/bUirWB0K7E
— Disclose.tv ? (@disclosetv) November 2, 2020
Австриялық ORF телеарнасы Венада шабуыл жасалған орындардың картасын жариялады.
Қарулы күш өкілдері шабуыл жасағандардың біреуін атты. Тағы бір адам қашып кетті. Оны ұстау үшін арнайы операция құрылды.
Австрия ІІМ оқиғаны теракт деп атады және тұрғындардан көшеге шықпай, үйде отыруды сұрады.
Vienna suspectpic.twitter.com/k1dKUGLKWU
— Old Holborn® (@Holbornlolz) November 2, 2020
Терроршылардың біреуі видеоға түсіп қалды. Алдын ала мәліметтер бойынша екі адам оқ атқан болуы мүмкін.
Австрия канцлері Себастьян Курц Венадағы шабуылды "сұмдық теракт" деп атады.
"Бір қылмыскер ұсталды, қалғандары қашқында. Қазіргі мәліметтерге сүйенсек, олар алдын ала жақсы дайындалған және қаруы көп. Бұл - теракт. Мен қауіпті тезірек жойып, ертең қоғамдық өмірді қайта қалпына келтіре аламыз деген үміттемін. Олардың қалауы туралы әзірге ештеңе айта алмаймыз, бірақ теракт басталған жерге қарап, антисемит мақсатта болған теракт деген нұсқаны да жоққа шығара алмаймыз", - деді Австрия канцлері.
Австрия ІІМ атысқа күдікті бірнеше адамның ұсталғанын растамады.
"Мен қазір бұл ақпаратты растай алмаймын, біз қылмыскерлерді іздеп жатырмыз", - деді ол ORF эфирінде.
Ал әлеуметтік желіде қылмыскер болуы мүмкін деген тұлғалардың ұсталған сәті түсірілген видео жарияланды.
Several heavily armed people are still active in #Vienna, according Austrian Police -There are several suspected terrorists arrested and at least one dead#Wien #Autriche #Austria pic.twitter.com/BwufMt9Z6a
— Henry A. Pinto (@hapinto2) November 2, 2020
Австрия территориясы мен шекарасында қауіпсіздік шаралары күшейтілді.
"Ел бойынша, шекарада персоналды күшейту қолға алынды. (...) Венаның орталық аудандарында - шабуыл жасалған алты орында күзет күшейтілді", - деді ІІМ өкілі Гаральд Зерес.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также