Венесуэла оппозициясы "мемлекеттік төңкеріс" жайлы мәлімдеді

Николас Мадуро. © REUTERS

Венесуэланы? оппозициясы президент Николас Мадуро жасап жат?ан "мемлекеттік т??керіске" байланысты халы?аралы? ?ауымдасты??а ша?ырады. Б?л туралы оппозиция к?шбасшыларыны? бірі, штат губернаторы Миранда Энрике Каприлес м?лімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Венесуэланың оппозициясы президент Николас Мадуро жасап жатқан "мемлекеттік төңкеріске" байланысты халықаралық қауымдастыққа шақырады. Бұл туралы оппозиция көшбасшыларының бірі, штат губернаторы Миранда Энрике Каприлес мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Біз әлемнің демократиялық үкіметтерінің және халықаралық қоғамдық пікірдің назарын Мадуроның мемлекеттік төңкерісті күшейтетіні және дағдарысты асқындыра түсетініне аударамыз", - деп жазды Каприлес Twitter желісіндегі парақшасында.

Осыған дейін Венесуэла президенті құрылтай жиналысына шақыратыны жайлы мәлімдеген болатын. Венесуэланың конституциясы бойынша, елде билік ұлттық құрылтай жиналысы арқылы жүргізіледі. Бұл жиналыс мемлекеттік құрылымды өзгерту, жаңа тәртіп енгізу және жаңа конституция әзірлеу үшін өткізіледі.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, 1 мамырда ел президенті Николас Мадуро жергілікті телеарнаның тікелей эфирінде құрылтай жиналысын өткізуге қатысты қаулыға қол қойған еді. Президент мемлекет басшысына осындай өкілеттікті беретін конституцияның 347, 348 және 349-баптарын айтып өткен болатын. "Мен Венесуэла халқымен диалог жүргізу үшін президенттік комиссия құрдым", - деген еді президент Мадуро.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама