14 мамыр 2021 | 09:10

Венесуэлада митингіге қатысушыны өлтірген полицей 25 жылға сотталды

© REUTERS

Венесуэланың Ансоатеги штатының соты 2017 жылы антиүкіметтік наразылыққа қатысушыны өлтірген полиция офицерін 25 жылға соттады, - деп хабарлайды РИА Новости

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Венесуэланың Ансоатеги штатының соты 2017 жылы антиүкіметтік наразылыққа қатысушыны өлтірген полиция офицерін 25 жылға соттады, - деп хабарлайды РИА Новости

"Ансоатеги штатының Қылмыстық округінің үшінші соты бұрынғы полиция офицері Онан Хосуэ Перейр Иригойенді алдын ала жоспарлап, кісі өлтіргені үшін 25 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айырды. Бұл Венесуэланың қылмыстық құқығындағы қылмыстардың жиынтығы бойынша қызметтік қаруды тиісінше пайдаланбау және оқ-дәрілерді қайта жасау болып саналады", - делінген сот сайтында.

Перейру Иригойен 2017 жылы Лечерия штатында президент Николас Мадуроға қарсы өткен митингіге қатысқан Сесара Перейраны өлтірді деп айыпталды.  

Реклама
Реклама

Прокуратура мәліметінше, үш жыл ішінде Венесуэлада шенеуніктер мен бейбіт тұрғындарға қарсы 940 айып тағылды, оның 638-і адам құқықтарының бұзылуы: кісі өлтіру, азаптау, қатыгездік және заңсыз бас бостандығынан айыру.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная