ПОДЕЛИТЬСЯ
25 қараша 2021 | 09:43
Венгрия Қытай мен Ресейден вакцина сатып алудан бас тартты
Венгрия бұдан былай Ресей мен Қытайдан вакцина сатып алудан бас тарту туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Euractiv-ке сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Венгрия бұдан былай Ресей мен Қытайдан вакцина сатып алудан бас тарту туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Euractiv-ке сілтеме жасап.
Венгрия Еуропалық Одақтың вакцина сатып алудағы келесі кезеңдеріне қатыспайтынын, қазіргі уақытта елде жеткілікті деңгейде дәрі-дәрмек бар екенін мәлімдеді.
"Үкімет Еуроодақта вакцина сатып алудың екінші кезеңіне қатыспау туралы жауапты шешім қабылдады", - деді Венгрия премьер-министрі әкімшілігінің басшысы Гергели Гуяш.
Оның айтуынша, қазір елде 10 миллион доза вакцина бар, ол тіпті үшінші дозаға да жетеді. Бұл ретте Сыртқы істер министрі Питер Сиярто Ресей мен Қытайдан 5 миллион доза вакцина сатып алу туралы кезекті тапсырыстың кері қайтарылатынын хабарлады.
"Қазір біз "Спутникпен" де, Sinopharm-мен де Венгрияға жаңа жеткізілімдер туралы келіссөздер жүргізіп жатқан жоқпыз. Вакцинаның келесі партиясында шығыстан вакцина болмауы мүмкін. "Спутник" және Sinopharm жеткізушілері біз бұрын қол қойған келісімшарттарды орындады", - деп түсіндірді Сийярто.
Еске салайық, Венгрия 2020 жылдың қарашасында зерттеу үшін "Спутник V" вакцинасының үлгілерін алған ЕО-ның алғашқы елі болды. 2021 жылдың басында Венгрияның Ұлттық денсаулық орталығы ресейлік "Спутник V" коронавирусқа қарсы вакцинасын пайдалануға рұқсат берді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также