17 маусым 2021 13:58

Victoria's Secret "періштелерінен" бас тартпақ

Камила Долаева Журналист
Фото ©REUTERS

Әйелдер іш киімін сататын әлемдегі ең танымал компаниялардың бірі Victoria's Secret өзінің "періштелерін" "дене пішінімен емес, жетістіктерімен" ерекшеленетін әйелдерге алмастырмақ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әйелдер іш киімін сататын әлемдегі ең танымал компаниялардың бірі Victoria's Secret өзінің "періштелерін" "дене пішінімен емес, жетістіктерімен" ерекшеленетін әйелдерге алмастырмақ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап. 

Victoria's Secret-тің жаңа мүшесі болып Болливуд жұлдызы Приянка Чопра Джонас және футболшы, гендерлік теңдік науқанының белсендісі Меган Рапино жарияланды. Олар қытай-америкалық шаңғышы Эйлин Гу, қос нәсілді модель, инклюзив қорғаушы Палома Эльзессер, бразилиялық трансгендерлік модель Валентина Сампайо және журналист Аманда Де Каденетқа қосылады.

Реклама
Реклама

"Бұл өзгеріс пен позитивке шабыттандыратын әйелдер тобы. Бұл брендті түрлендірудің тағы бір қадамы. Барлық индустрия Victoria's Secret қызметін аяқтады деп ойлады, бірақ бұл олай емес", - деді басылым дереккөздерінің бірі.

Басылым мәліметінше, әйелдер іш киіммен сахнаға шықпайды, оның орнына подкастқа қатысады және брендтің маркетингтік материалдарында пайда болады.

"Бұл брендтің жаңа буыны, ол инклюзивтілік туралы көбірек айтады. Біздің бренд ерлердің қалауы болуды тоқтатуы керек, әйелдердің қалауы не екенін жеткізуге тиіспіз", - деді компанияның атқарушы директоры Мартин Уотерс.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram