27 наурыз 2020 | 10:40

"Вирусты қайта жұқтыру қаупі". Комаровский коронавирус туралы басты сұраққа жауап берді

© youtube/Доктор Комаровский

Украиналық педиатр Евгений Комаровский коронавирус туралы сұрақтарға жауап берді. Оның видеосы 26 наурызда YouTube-та пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Украиналық педиатр Евгений Комаровский коронавирус туралы сұрақтарға жауап берді. Оның видеосы 26 наурызда YouTube-та пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңа жарияланған роликте айтылған сұрақтар: "Қазір әдейі вирус жұқтырудың мәні бар ма?", "Вирусты қайта жұқтыру қаупі қандай?", "Сауыққаннан кейін тыныс алу жүйесінде проблемалар бола ма?", "Сақал-мұрт қыру қауіпті ме?", "Қарт адамдар қыдыруға болады ма?" және басқалар.

Реклама
Реклама

Комаровский коронавируспен әдейі ауыруға кеңес бермейді. "Асқынып кетсе ше? Қалай болғанда да өзіңді және жақындарыңды қорғап, сақтанғанымыз дұрыс және ғылым бұл мәселені шешкенше күту керек. Ауруды іздеудің қажеті жоқ, жұқтырмаудың амалын жасаңыз", - деді дәрігер.

Дәрігер вирусты қайта жұқтырып алу ықтималдығы туралы сұрақтың ең басты мәселе екенін айтты. "Сіз ауырып шықтыңыз, сізде иммунитет бар, антиденелер пайда болды... Мүмкін, тұмау сияқты болады, бірақ ауырмайтын да шығарсыз, себебі вирус әлсірейді және екі-үш жылдан кейін мұндай қауіп төндірмейді. Мәселе көп жылға созылуы мүмкін, бірақ вакцинаны қауіп төніп тұрған адамдарға ғана егуге тура келеді", - деді Комаровский.

Оның айтуынша, тыныс алу жүйесінің проблемалары коронавирустың ауыр түрімен ауырған немесе жұқтырғанға дейін осындай қиындықтары болған адамдарда ғана пайда болады.

"Коронавирус өкпені зақымдайтынын сонша, ол көп жылға қалады деген қорытынды жасау дұрыс емес. Болашақта, барлығы анық болғанда, адамдардың 90 және одан да көп пайызы вирусты кез келген салдарсыз жұқтыратынын түсінеміз. Бірақ дәл қазір абай болған жөн", - деді ол.

Комаровскийдің пікірінше, коронавируспен планетаның 3/4 халқы ауырады, бұл ретте олардың 5/6 бөлігі ауырып шыққанын білмей қалады, жай ғана иммунитет симптомдарсыз қалыптасады. 

Сондай-ақ, дәрігер вирус жұқтыру қаупі жоғары адамдар өзін қалай дұрыс ұстау керектігін айтты. Олар үйде екі-үш ай оқшаулануы керек пе немесе барлық сақтық және гигиена шараларын сақтай отырып далада серуендеуге бола ма?

"Нақты жағдайыңызды, соның ішінде көршілеріңіздің адекваттығын ескеру керек. Үйден шыққан сайын сіз өзіңізге қауіп төндіресіз. Сондықтан майлық ұстап жүру керек. Таңғы бесте ауа таза, адамдар жоқ және тыныш кезде шығып, серуендеуге болады. Бірақ, ең болмағанда пәтерді үнемі желдетіп отыруға болады", - деді маман.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная