06 наурыз 2022 | 10:55

Visa мен Mastercard Ресейде жұмысын тоқтатады

Фото: РИА Новости

Visa және Mastercard 5 наурызда Ресейде жұмысын тоқтататынын мәлімдеді. Екі компания санкцияларды қолдай отырып, ресейлік банктер шығарған карталар бойынша қызметін тоқтатады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталынасілтеме жаспа.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Visa және Mastercard 5 наурызда Ресейде жұмысын тоқтататынын мәлімдеді. Екі компания санкцияларды қолдай отырып, ресейлік банктер шығарған карталар бойынша қызметін тоқтатады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталынасілтеме жаспа.

Mastercard корпорациясы "ресейлік банктер шығарған карталарды Mastercard желісі бұдан былай қолдамайды" деген мәлімдеме жасады. Сонымен қатар, Ресейден тыс жерде шығарылған Mastercard карталары Ресей аумағында жұмыс істемейді.

"Біз Ресейге қызмет ұсынуды тоқтата тұруды шештік", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Компания заң бойынша шектеулер болмаған жағдайда және олар "орынды" деп тапқанда Ресейде жұмысын қайта бастайтынын мәлімдеді.

Осыған ұқсас мәлімдемені Visa компаниясы да жасады. 

Ал "Сбербанк" халықаралық төлем жүйелерінің Ресейдегі жұмысын шектеуі "Сбербанк" Visa және Mastercard карталарының ішкі жұмысына әсер етпейтінін хабарлады. Бірақ шетелде және шетелдік интернет-дүкендерде ресейлік Visa және MasterCard карталарынан төлем жасауға шектеу болады.

Бұған дейін SWIFT ресейлік банктердің халықаралық төлем жүйесінен ажыратылғанын растады. Еуропалық одақтың (ЕО) қаулысы бойынша, ол 2022 жылдың 12 наурызында өшуі тиіс және компания барлық талапты орындауға дайын екенін растады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная