30 наурыз 2014 14:26

Виталий Кличко президенттік сайлауға түсуден бас тартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Виталий Кличко  Харьковтегі митингте. Кадр youtube.com Виталий Кличко Харьковтегі митингте. Кадр youtube.com

Укринаның "Удар" партиясының көшбасшысы Виталий Кличко Украина президентігіне үміткер ретінде өз кандидатурасын ұсынбайды, - деп хабарлайды tengrinews.kz/ сайты РБК сайтына сілтеме жасап. 


Укринаның "Удар" партиясының көшбасшысы Виталий Кличко Украина президентігіне үміткер ретінде өз кандидатурасын ұсынбайды, - деп хабарлайды tengrinews.kz/ сайты РБК сайтына сілтеме жасап. 

Енді Виталий Кличко Киев мэрі болу үшін сайлауға түспек. Ол партияның сьезінде: "Мен ойлана келе мэр болу үшін сайлауға түсуге шешім қабылдадым.Мен Киевті толыққанды еуропаның астанасына айналдырғым келеді", - деп мәлімдеді. Саясаткер егер де тұрғындар мэр етіп сайласа, Киевте Майданда опат болғандардың рухына арналған мемориалды ескерткіш тұрғызатынын тілге тиек етті. 

Виталий Кличко Украина президеттігіне үміткер, Жоғарғы Раданың халықтық депутаты, Roshen тобының мүшесі, бизнесмен Петр Порошенкоға қолдау білдіретінін айтты. Сондай-ақ, "УДАР" партиясының көшбасшысы Порошенконы "демократиялық күштерге ортақ басты кандидат" деп тану керектігін айтты.  

"Украинаның болашақ президенті мүмкіндігінше жоғарғы рейтингке қол жеткізіп, жалпы халықтың қолдауына ие болуы тиіс. Бұл егер де біз бір ауыздан демократиялық күштерді қолдасақ қана жүзеге асатын шаруа. Сондықтан да, демократиялық күштерді жоғарғы деңгейде қолдайтын жалғыз мүмкіндігімізді тиімді пайдаланып, бір ғана кандидатқа дауыс бергеніміз жөн"  - деп мәлімдеді Виталий Кличко.

Естеріңізге сала кетейік, 22 ақпан күні Украинада билік ауысқан-ды. Жоғарғы Рада Виктор Януковичтің билігін шектеп, Конституцияны өзгертіп, 25 мамырда мемлекет басшысының сайлауын өткізуге шешім қабылдаған болатын. Киевтің мэрін сайлау да дәл сол күні өткізілмек. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети