07 маусым 2022 12:59

"ВКонтакте" топ-менеджері қаза болды

"ВКонтакте" бас директорының бірінші орынбасары Владимир Габриелян қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"ВКонтакте" бас директорының бірінші орынбасары Владимир Габриелян қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ақпарат Желіде пайда болды. Дереккөзде Габриелян Ненец автономиялық округіндегі Шойна ауылының маңында жерүсті көлігімен апатқа ұшырағаны жазылған.

Кейін "ВКонтакте" баспасөз қызметі компанияның топ-менеджері қайтыс болғандығы туралы хабарламаны растады. Компания қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.

Реклама
Реклама

"Бүгін таңертең Владимир Габриелян мен Сергей Мерзляков қайғылы оқиғаның салдарынан қайтыс болғаны белгілі болды. Біз олардың жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтамыз", - делінген хабарламада.

Ашық ақпарат көздеріне сүйенсек, 2019 жылы ол VK бас директорының бірінші орынбасары болды. Биыл наурызда Габриелян компанияның Директорлар кеңесіне кірген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram