Внуково әуежайында стюардесса ұшақтан құлап кетті

М?скеудегі Внуково ?уежайында "ЮТэйр" компаниясыны? ?шу?а дайындалып т?р?ан ?ша?ынан стюардесса ??лап кетті, - деп хабарлайды Рен ТВ.

Мәскеудегі Внуково әуежайында "ЮТэйр" компаниясының ұшуға дайындалып тұрған ұшағынан стюардесса құлап кетті, - деп хабарлайды Рен ТВ.

Телеарнаның мәліметінше, стюардесса есікті жауып, аяғы тайып кеткен, ол кемі үш метр биіктен бетонға құлады. Зардап шеккен қыз ес-түссіз халде ауруханаға жеткізілген.

Компанияның ішкі байланыстар жөніндегі бас маманы Анастасия Шуптардың айтуынша, ұшақ әуеге көтерілуге дайындалып тұрғанда, стюардесса артқы есікті жауып тұрып, аяғы тайып кеткен және перронға құлаған. "Ол жедел түрде ауруханаға жеткізілді. Қолда бар мәліметтер бойынша, оған медициналық көмек көрсетіліп, ауруханадан шыққан", - деді ол.

Реклама
Реклама

Шуптардың мәлімдеуінше, әуе компаниясы оқиғаның себептерін анықтап жатыр және қызметкеріне барынша қолдау жасайды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама