WikiLeaks Барак Обаманың құпия хаттарын жариялай бастады

© krpress.ru

Б?рындары демократиялы? партия ?кілдеріні? электронды хаттарыны? бірнеше топтамасын жария еткен WikiLeaks сайты енді Барак Обама?а ?атысты хабарламаларды жариялады, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Бұрындары демократиялық партия өкілдерінің электронды хаттарының бірнеше топтамасын жария еткен WikiLeaks сайты енді Барак Обамаға қатысты хабарламаларды жариялады, - деп хабарлайды Lenta.ru.

"WikiLeaks АҚШ президенті Барак Обаманың құпия мекенжай арқылы жолдаған хабарламаларының алғашқы топтамасын ұсынады", - делінген сайттың Twitter желісіндегі жазбасында.

Жариялымда жалпы жеті хат көрсетілген. Үш хат 2008 жылдың 4 қазанында Барак Обама президент болып сайланған күні жіберілген.

Реклама
Реклама

Хаттардың көбі қазір Хиллари Клинтон штабының басшысы, демокарат Джон Подестаның атынан жолданған. Хаттардың бірін Барак Обама атынан жолданған. Сайлау қорытындысына бірнеше күн қалғанда жазылған бұл хабарламада қойылған сұрақтарға ертеңгі күні жауап берілетіні айтылған.

Подестаның бірнеше хаты 7 қазанда жарияланған. Хабарламаларда ядролық энергетика, пайдалы қазбалардан түскен пайдадан Клинтон қорына қайырымдылық қаржысын құю туралы және бірқатарында Түркия, оның сириялық қақтығыстағы мүддесі мен терроризмге қарсы күрестегі рөлі жайында жазылған.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама