13 маусым 2022 | 10:02

"Ядролық қаруға сұраныс артты". Украинадағы жағдайға шолу

Мұхтар Жәмішжанов Корреспондент
©REUTERS

Украина мен Ресей арасындағы соғыстан кейін әлем елдері ядролық қаруға деген сұраныстың артқанын мойындады. Киев ЕО елдеріне үндеу жасады. Tengrinews.kz тілшісі екі ел арасында болып жатқан кейінгі жаңалықтарға шолу жасады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Украина мен Ресей арасындағы соғыстан кейін әлем елдері ядролық қаруға деген сұраныстың артқанын мойындады. Киев ЕО елдеріне үндеу жасады. Tengrinews.kz тілшісі екі ел арасында болып жатқан кейінгі жаңалықтарға шолу жасады.

Бердянск пен Мелитопольде жарылыстар болды

Ресей әскері басып алған Мелитополь мен Бердянскіде жарылыстар болды. Мелитопольде жарылыс кезінде төрт адам зардап шекті. Шабуыл кезінде өңірдегі полиция ғимараты мен екі автокөлік бүлінген. Бердянскіде қосалқы станция қирады, кейбір аудандарда электр қуаты сөндірілді. Жарылыс салдарынан жараланғандар немесе қаза тапқандар жоқ. Жексенбіде Бердянск қалалық кеңесінің өкілі Даниил Водолазский Бердянскіде үш жарылыс болғанын хабарлаған еді. Оның айтуынша, қала орталығында Z белгісі бар әскери көліктер өртенген.

Реклама
Реклама

©REUTERS

Азовсталиде қаза тапқан 220 адамның денесі Украинаға қайтарылды

Украина Азовсталь металлургиялық зауытында қаза тапқан 220 қорғаушының денесіін қайтарды. Бұл туралы "Азов" полкінің бұрынғы командирі Максим Жорин мәлімдеді.

"220 адамның денесі Киевке жетті, шамамен олардың үштен бірі - азовтықтар. Қазір экспертиза жүріп жатыр, оған бірнеше ай кетуі мүмкін", - деп жазды ол Facebook-те.

Украинада соғыс басталғаннан бері 287 бала қайтыс болды

Украинада соғыс басталғаннан бері 287 бала қайтыс болды, 508-ден астам бала жарақат алды. Мұны Украинаның бас прокуратурасы мәлімдеді.

Қаза болған балалардың басым бөлігі Донецк, Харьков, Киев, Чернигов, Луганск, Херсон, Николаев және Запорожье облыстарынан болып шықты.

Бас прокуратура бұл деректер әлі де жаңаратынын жеткізді. Ведомство мәліметінше, соғыс жалғасып жатқан аймақтарда қазір статистика жүргізу мүмкін емес.

Украинадағы соғыс әлемдегі ядролық арсеналдардың өсуіне алып келді

Стокгольм халықаралық бейбітшілік мәселелерін зерттеу институтының (SIPRI) сарапшыларының пікірінше, Украинадағы соғыс ядролық державалар арасындағы шиеленісті күшейтті және олардың ядролық арсеналдары жақын арада өсе бастайды. Сарапшылар ядролық қаруға деген сұраныстың артуы қазірдің өзінде байқалатынын жеткізді.

"Барлық ядролық держава өздерінің арсеналдарын жаңартып жатыр, олардың басым бөлігі ядролық қарудың стратегиялық көбірек маңызына мән береді", - дейді SIPRI орталығының директоры Уилфред Ван.

©REUTERS 

Украинада ЕО мен АҚШ-тан келген қару-жарақ қоймасы жойылды

Ресей Украинаның батысындағы Чорткив қаласына зымыран атты. Соққыдан кейін ондағы әскери нысан жартылай қирап, 22 адам жарақат алды. Ресейдің қорғаныс министрлігі шабуыл кезінде Украинаның танкке қарсы зымырандардың үлкен қоймасы, АҚШ пен Еуропа елдері Киевке берген портативті зениттік-зымырандық кешендер мен снарядтар жойылғанын мәлімдеді.

©REUTERS

Неміс концерні BMP Marder-ді Украинаға беруге дайын

Неміс Rheinmetall компаниясы Marder жаяу әскерге арналған алғашқы әскери машиналарын жаңартты. Компания өкілі Армин Паппергердің сөзінше, қазір 100 Marder жөнделіп жатыр. Сонымен қатар, компания қоймасында  88 Leopard 1 танкі және бірнеше Leopard 2 танкілері бар.

 Фото:Rheinmetall

ЕО Украина үшін "тарихи шешім" қабылдауы керек - фон дер Ляйен

Еуропалық комиссияның төрағасы Урсула фон дер Ляйен 23-24 маусымда өткен саммитте ЕО-ға мүше елдер Украинаның ЕО-ға мүшелігі туралы "тарихи шешім" қабылдауы керегін жеткізді. Оның айтуынша, ЕО елдерінің міндеті маусымдағы саммитте арта түседі.

"Біз дұрыс шешім қабылдаймыз деп сенемін. Оның барлығын уақыт көрсетеді", - деді фон дер Ляйен.

©REUTERS

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная