Ыстамбұл мэрі сотталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Ыстамбұл мэрі сотталды Фото:instagram.com/ekremimamoglu

Түркия соты Ыстамбұл мэрін екі жыл жеті айға бас бостандығынан айырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Sabah сайтына сілтеме жасап.

Түркия соты Ыстамбұл мэрін екі жыл жеті айға бас бостандығынан айырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Sabah сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоглуға үш жыл бұрын Стамбул мэрі сайлауының күшін жоюды "ақымақтық" деп атағаннан кейін айып тағылып отыр. Сот мұны жоғары сайлау комиссиясының мүшелерін қорлау деп санады.

52 жастағы Имамоглу түрік оппозициясы өкілі саналады және келесі маусымда өтетін сайлауда Түркияның қазіргі президенті Режеп Тайып Ердоғанның басты қарсыластарының бірі.

Жарнама
Жарнама

Алайда сот шешіміне сәйкес, қазір Имамоглуға саяси қызметпен айналысуға тыйым салынады. Бұл оның ел президентін сайлауға қатыса алмайтынын білдіреді.

Үкім мен саяси тыйымды апелляциялық сот растауы керек. Жоғары орган үкімді бекітсе, Экрем Имамоғлуға бес жыл ішінде саяси қызметпен айналысуға тыйым салынады. Осылайша, ол Ыстамбұл мэрі қызметінен алып тасталуы мүмкін.

Экрем Имамоглудың өзі сот шешімін саяси деп атады және оған шағымданатынын мәлімдеді. Апелляция қаралып жатқанда, ол Ыстамбұлды басқаруды жалғастырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама