Ыстамбұлда дауылдан төрт адам қаза тапты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: twitter/@delo_ua

Ыстамбұлда дауылдан 4 адам қаза тауып, тағы 38 адам жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Ыстамбұлда дауылдан 4 адам қаза тауып, тағы 38 адам жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Ыстамбұлда қатты дауыл соғып, жел көліктерді аударып, электр сымдарын үзіп, ғимараттардың шатырын ұшырып әкетті.

Реклама
Реклама

Түркияның жағалау күзеті екпінді желге байланысты Босфор бұғазындағы кеме қозғалысы тоқтатылғанын хабарлады. Дәл осы себепті Түрік әуе жолдарының бірнеше ұшағы Ыстамбұлға қона алмай, Анкара мен Измирге жөнелтілген.

Синоптиктер болжамынша, қолайсыз ауа райы сейсенбінің аяғына дейін сақталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама