Ыстамбұлдың орталық аудандарының бірінде жарылыс болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Ыстамбұлдың Фатих ауданында жарылыс болып, жалын үш көлікті шарпыды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Mynet басылымына сілтеме жасап.

Ыстамбұлдың Фатих ауданында жарылыс болып, жалын үш көлікті шарпыды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Mynet басылымына сілтеме жасап.

Түрік басылымының мәліметінше, Коджамустафапаша көшесімен келе жатқан көлік жүргізушісі көлігінің жанып жатқанын байқап, жол жиегіне тоқтап, айналасындағылардан көмек сұраған.

Біраз уақыттан кейін көлік өртеніп, жалын сол маңда тұрған төрт көлікке тараған.

Реклама
Реклама

"Ыстамбұлдың Фатих ауданында белгісіз себептермен жанып бастаған көліктің жалыны тұраққа қойылған өзге көліктерге тарады. Желіде тараған видеодан өрт кезінде жарылыс дыбыстары естілді", - деп жазады басылым.

Өртсөндірушілер оқиға орнына дер кезінде келіп, өртті ауыздықтаған.

Өрт кезінде көліктердегі адамдар эвакуацияланды.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы нақты мәлімет жоқ. Көліктің өртену себебі анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама