Ыстамбұлда бірден екі теракт болды: Қаза тапқандардың саны 29 адамға жетті

Ыстамб?лда?ы футбол стадионы орналас?ан ауданда бірден екі теракт болды. Терактіден ?аза тап?андарды? саны 29 адам?а жетті, -  деп хабарлайды РИА Новости жергілікті т?рік NTV телеарнасына сілтеме жасап.

Ыстамбұлдағы футбол стадионы орналасқан ауданда бірден екі теракт болды. Терактіден қаза тапқандардың саны 29 адамға жетті, -  деп хабарлайды РИА Новости жергілікті түрік NTV телеарнасына сілтеме жасап.

Оқиға орнындағы жергілікті телеарна мәліметінше, полицейлер отырған автобустың маңында миналанған көлік жарылып кеткен. Жарылыстан зардап шеккендердің барлығы - полицейлер.  

Ал Рейтер агенттігі Түркияның ІІМ басшысы Сүлейман Сойлыға сілтеме жасай отырып, қаза тапқандардың ішінде 27 полицейдің бар екенін айтып отыр. Жарылыстын зардап шеккендердің саны 166-ға жеткен. Айта кетейік, осыған дейін терактіден 15 адамның қаза тауып, тағы 70 адамның зардап шеккені хабарланған болатын.

Реклама
Реклама

Ыстамбұлдағы бұл теракт стадион аумағында болған. Жарылыстан 1,5 сағат бұрын түріктердің "Бешикташ" пен "Бурсаспор" командаларының арасында матч болған. Кейінірек "Бурсаспор" клубының өкілдері ойынға келушілердің зардап шекпегенін айтты.



 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама