Ыстамбұлда эскалатор ер адамды "жұтып" қойған видео жарияланды

видеодан үзінді

Т?ркиялы? БА? Ыстамб?лда?ы метроны? "Аязага" бекетіндегі о?и?аны? видеосын жариялап жатыр. Онда істен шы??ан эскалатор ер адамды "ж?тып" ?ой?ан. 

Түркиялық БАҚ Ыстамбұлдағы метроның "Аязага" бекетіндегі оқиғаның видеосын жариялап жатыр. Онда істен шыққан эскалатор ер адамды "жұтып" қойған. 

Оқиға 27 ақпанда болған, алайда БАҚ өкілдерінің қолында видео бір ай өткенде пайда болған. Видеода адамдар істемей тұрған эскалатормен түсіп жатқан кезде, оның кенеттен жүріп кеткені түсірілген. Жолаушылар құлап, ал бір жолаушының аяқ астындағы текпешектер төмен сырғып кетеді. Ер адам екі қолымен ұстағышқа асылып, арпалысқанымен, механизм оны тартып кеткен.  

Реклама
Реклама

Ер адамды аппараттың ішінен шығару үшін бір сағат уақыт кеткен. Содан кейін ол ауруханаға жеткізілген. Қазіргі уақытта оның денсаулығына еш қауіп жоқ екені белгілі.  

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама