Ыстамбұлдағы түнгі клубта 32 адамды атып өлтірді делінген күдікті ұсталды

Ыстамб?л полициясы Жа?а жыл т?ні Reina т?нгі клубыны? ?она?тарын атып тастады делінген к?діктіні ?стады, - деп хабарлайды Daily Sabah.

Ыстамбұл полициясы Жаңа жыл түні Reina түнгі клубының қонақтарын атып тастады делінген күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Daily Sabah.

Басылымның мәліметінше, Өзбекстан тумасы Абдулгадир Машарипов арнайы операция кезінде Эсенюрт ауданында ұсталған. Ол осыған дейін танысының пәтерінде жасырынып келіпті. Танысы Қырғызстан тумасы екен. Газет Машариповтың ұсталған кезде түсірілген суретін жариялады, суреттен оның жараланғанын көруге болады.


© dailysabah.com

Реклама
Реклама

Еске салайық, Ыстамбұлда 1 қаңтарға қараған түні Reina түнгі клубына шабуыл жасалған болатын. Күдікті мекемеге кіріп келіп, адамдарды ата бастаған. Салдарынан 39 адам қаза тапты. Теракт жасады делінген күдікті жасырынып үлгерген.

Түрік полициясы Машариповты іздестіру барысында Ыстамбұлда 150 мың доллар қаражат тапқан. Бұл қаражат, тергеудің мәліметінше, теракт жасағаны үшін төлем болуы мүмкін.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама