Ыстамбұлдағы жарылыстан кейін Түркияда үш ресейлік ұсталды

Ыстамбұлдағы жарылыстан кейін Түркияда үш ресейлік ұсталды, - деп хабарлайды РИА Новости

Бұл мәліметті Ресейдің Анталиядағы бас елшілігінің өкілдері растап отыр. Түрік БАҚ-тарының мәліметінше, олар ДАИШ-қа қарсы жүргізілген операцияның аясында ұсталған. "Біз РФ-ның үш азаматының ұсталғанын растаймыз. Олардың неліктен ұсталғанын анықтап жатырмыз", - деп мәлімдеді Ресейдің Анталиядағы бас елшілігінің бас елшісі Александр Толстопятенко.

Жойқын жарылыс Астана уақыты бойынша сағат 14.20-да Сұлтанахмет алаңындағы трамвай аялдамасы маңында болған. Сол кезде аялдамада Германиядан келген саяхатшылар болыпты. Болжам бойынша, жарылысты жанкешті жасаған. Қазақстан СІМ Ыстамбұлдағы жарылыстан қаза тапқандардың арасында қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатыр. Осыған дейін Түкия билігінің бұқаралық ақпарат құралдарына Ыстамбұлдағы жарылыс туралы жаңалық таратуға тыйым салғаны хабарланған еді.

Реклама
Реклама

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама