Жапонияда сөзден сүрінген министр отставкаға кетті

Масахиро Имамура © ハフィントンポスト

Жапонияда ?айта ?алпына келтіру істері ж?ніндегі министр Масахиро Имамура с?зден с?рінгені ?шін отставка?а кету туралы ?тініш білдірді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Жапонияда қайта қалпына келтіру істері жөніндегі министр Масахиро Имамура сөзден сүрінгені үшін отставкаға кету туралы өтініш білдірді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Сейсенбіде банкетте сөз сөйлеген министр 2011 жылы цунамиден зардап шеккендерге қатысты екіұшты пікір білдірген. Ол 2011 жылы болған апат салдарының сомасы 25 триллион иен (шамамен 227 миллиард доллар) екенін айтып, былай деп қостады: "мұның Тохокуда болғаны жақсы (Хонсю аралының солтүстігіндегі аудан, осы аудан ең қатты зардап шеккен болатын - Авт.), себебі астанаға жақын маңда болса, шығын көлемі бұдан да көп болар еді". 

Қоғамда бұл сөздер 20 мыңға жуық адам қаза тапқан перфектураларға құрметсіздік ретінде бағаланды. Жапонияның премьер-министрі Синдзо Абэ Имамураның осы сөзі үшін кешірім сұрады. 

Реклама
Реклама

Шенеуніктің дау туғызған сөздері мұнымен бітпейді екен. Имамура үш апта бұрын "Фукусима-1" АЭС-інде болған апаттан Фукусима перфектурасының тұрғындарының өз үйіне қайтуды "жеке бастарының ісі" деп мәлімдеп, басы дауға қалған екен. Оның үстіне баспасөз мәслихаты аяқталған кезде ол осы сұрақты қойған журналиске "бұл жерге ешқашан келмеуді" және "ауызды жабуды" бұйырған. Сол уақытта премьер-министр Абэ министрді қорғап қалған еді. Ал ендігі дау-дамайдан кейін Масахиро Имамураның отставкағасы қабылданыпты.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама