11 қыркүйек 2022 | 13:35

Запорожье атом электр станциясында соңғы энергоблок тоқтатылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: ©REUTERS

11 қыркүйекке қараған түні Запорожье АЭС-інде соңғы энергоблок жұмысы тоқтатылды. Станция толығымен токтан ажыратылған. Бұл туралы украиналық "Энергоатом" компаниясы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

11 қыркүйекке қараған түні Запорожье АЭС-інде соңғы энергоблок жұмысы тоқтатылды. Станция толығымен токтан ажыратылған. Бұл туралы украиналық "Энергоатом" компаниясы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазір оны салқындату және суық күйге көшіруге дайындық жүріп жатыр", - деп хабарлады компания.

Алтыншы энергоблок соңғы үш тәулікте аралдық режимде жұмыс істеген, ол тек ЗАЭС-тің жеке қажеттіліктерін өте төмен қуат деңгейінде – 114-тен 140 МВт-қа дейін қамтамасыз еттіп тұрған. Бұл снарядтарға байланысты.

Реклама
Реклама

"Кеше түнде осы байланыс желілерінің бірінің жұмысын қалпына келтіргеннен кейін ЗАЭС-тің жеке қажеттіліктерін электрмен жабдықтау Украинаның энергетикалық жүйесінен жүргізілді. Сондықтан, №6 энергоблокты өшіріп, оны ең қауіпсіз күйге – салқын күйге көшіру туралы шешім қабылданды", - деп жазады "Энергоатом".

Бір күн бұрын Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) Запорожье АЭС-інде оқ ату салдарынан ядролық апат қаупі айтарлықтай артқанын хабарлаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная