16 қараша 2016 | 09:41

Zara дүкені өлі тышқан тігіліп кеткен көйлек сатқан

Нью-Йорк тұрғыны Кейли Физел (Cailey Fiesel) сатып алған көйлегінің іш қырынан өлі егеуқұрық тауып алғаннан кейін әйгілі Zara сауда үйін сотқа берді, - деп жазады New York Post басылымы Манхэттеннің Жоғарғы сотына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нью-Йорк тұрғыны Кейли Физел (Cailey Fiesel) сатып алған көйлегінің іш қырынан өлі егеуқұрық тауып алғаннан кейін әйгілі Zara сауда үйін сотқа берді, - деп жазады New York Post басылымы Манхэттеннің Жоғарғы сотына сілтеме жасап.

24 жастағы әйел көлекті осы жылдың шілде айында Гринвич қаласында 40 мың долларға сатып алған. Бір ай өткен соң ол жаңадан киіп, жаман иіс шығып тұрғанын сезеді. Дегенмен иістің қайдан шыққанын таба алмайды. 

Реклама
Реклама

Дұрыстап қарап шыққанан кейін Кейли көйлектің іш қырынан өлі кеміргіштің аяғы шығып тұрғанын көреді. "Менің аяғыме қаттылау бірдеме тигендей болды, мен оны тігістің қалың тұсы немесе жіп шығып қалды екен деп ойладым. Алайда, оны тартып қалғанымда оның жіп емес екенін сездім. Мен шошынып қалдым. Мен мұны көзіммен көріп тұрғаныммен, ес-ақылымын қабылдай алмай тұрды", - дейді сатып алушы.


Кеміргіштің аяғы көйлектің іш қырынан шықты © Manhattan Supreme Court

Күйзелістен басқа қыз баланың үстінен дәрігерлер кеміргіштер тарататын терінің бөртуін анықтаған. Енді әйел адам қаржылай өтемақы өндіріп алмақ.


Кейли Физел. © LinkedIn

Ал Zara компаниясындағылар оқиға туралы білетіндігін және ішкі тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады. Zara - ірі халықаралық киім дүкендерінің желісі, Inditex компаниясының құрамына кіреді. Ол әлемнің 88 елінде жұмыс істейді, оның ішінде Қазақстанда да бар. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная