“Зардабы ауыр“. БҰҰ бас хатшысы Иран мен АҚШ-қа үндеу жасады

“Зардабы ауыр“. БҰҰ бас хатшысы Иран мен АҚШ-қа үндеу жасады Фото: un.org / Mark Garten

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш Парсы шығанағындағы қақтығыстың ушығуына алаңдаушылық білдіріп, Иран мен АҚШ-ты келіссөздерді дереу қайта бастауға шақырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл туралы ол 12 шілдеде өзінің Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Мен Парсы шығанағындағы жағдайдың айтарлықтай ушығуына және әскери қақтығыстардың қайта жандануына, соның ішінде Иранның Ормуз бұғазындағы кемелерге жасаған шабуылдарына, АҚШ-тың Иранға жасаған соққыларына және Иранның көршілес елдердегі нысандарға жасаған шабуылдарына қатты алаңдаулымын", - деп атап өтті Гутерриш.

Жарнама
Жарнама

Оның пікірінше, бұл шабуылдар тоқтатылуы тиіс. Толық ауқымды соғыс қимылдарына оралу "аймақ халықтары, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік, сондай-ақ әлемдік экономика үшін ауыр зардаптарға" әкеп соқтырады.

"Мен Иран мен АҚШ-ты келіссөздерді дереу қайта бастауға және қалған келіспеушіліктерді дипломатиялық жолмен шешуге шақырамын", - деп түйіндеді ол.

Сонымен қатар америкалық БАҚ аты-жөні аталмаған дереккөздерге сілтеме жасап хабарлауынша, жексенбіде АҚШ Иран нысандарына жаңа соққылар сериясын жасады. Олардың мақсаты - Тегеранның Ормуз бұғазындағы коммерциялық кемелерге шабуыл жасау мүмкіндіктерін әлсірету.

Иранның мемлекеттік БАҚ-тары бұғаздағы аралдардың бірінде жарылыстар болғанын хабарлады.

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама