Зеленский АҚШ-қа барады - БАҚ

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото РИА Новости

Украина президенті Владимир Зеленский сәрсенбі АҚШ президенті Вашингтонға Джо Байденмен кездесу үшін және АҚШ Конгресіне баруы мүмкін. Бұл туралы америкалық БАҚ-тар мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Голос Америки" сайтына сілтеме жасап.

Бұл Зеленскийдің соғыс басталғалы АҚШ-қа жасайтын алғашқы сапары болмақ.

Дереккөздердің мәліметінше, сапар ресми түрде расталмаған және қауіпсіздік мақсатында бұл жоспар өзгеруі де мүмкін.

Реклама
Реклама

Зеленскийдің баспасөз хатшысы мен АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің кеңсесі бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірмеді.

Еске салайық, бұған дейін Владимир Зеленский әлем халқына үндеу жасаған болатын. Ол бейбіт саммит өткізуге шақырған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама